|
24.06.2024 | 12:59
153

Мемлекетке тиесілі көліктерді сатқан басшылар сотталды

Олар автокөліктерді жарамсыз деп есептен шығарған

Мемлекетке тиесілі көліктерді сатқан басшылар сотталды Almaty.tv

Жамбыл облысы Қаратау қаласының тазалығына жауапты мекеме басшылары мемлекетке тиесілі 4 көлікті сатып жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Таза Талас» кәсіпорнының директоры мен оның орынбасары алдымен автокөліктерді жарамсыз деп есептен шығарған. Тиісті аукцион өткізбестен, көлденең келген сатып алушыға қолма-қол ақшаға өткізіп жіберген. Ал бұл қызметтік көліктердің нарықтық құны 6-7 миллион теңге. Салдарынан мемлекетке 22 миллион теңге залал келді. Прокурорлар құны 10 миллион теңге болатын 2 көлікті қайтарып, ақшалай 7 миллион теңгені мемлекет пайдасына өндірді. Ал бюджет қаржысын талан-таражға салғандар сотталды.

– Талас ауданының сотының үкімімен «Таза Талас» кәсіпорынының директоры мен оның орынбасарына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Әрқайсына мемлекеттік қызметте лауазымдық қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды, – деді облыс прокурорының көмекшісі Жалғас Көшербаев.

Оқи отырыңыз: Пәтер жөнделеді: Астана қаласының әкімі тұрғындарға уәде берді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир