|
24.04.2024 | 11:46
2095

ҚР Президенттік орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме ашылды

​Көрме 2024 жылдың 10 мамырына дейін жалғасады

ҚР Президенттік орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме ашылды qr-pib.kz

Бүгін, 24 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан: халық үндестігі» уақытша тақырыптық қор көрмесі ұсынылып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды. Көптеген ұлттың ортақ шаңырағына айналған Қазақстан бейбітшілік пен келісім арқылы әлемге үлгі болатын даңғыл жолды бастап келеді. Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып саналады.

Ашылған көрменің басты мақсаты – Президенттік орталықтың музейлік экспонаттары арқылы тұрақтылықты нығайту, ұлтаралық келісім, мәдениетаралық диалогтың қазақстандық үлгісінің жетістіктерін көрсету.

Көрмеде ұсынылған бірегей заттар Қазақстан Республикасының түрлі этностарының тарихи өзара қарым-қатынасын, олардың ынтымақтастығы мен мәдени қалыптасуын ашады.

Тәжік қабырға кілемі – сюзане, түрікмен ұлттық папахасы немесе гүлдермен кестеленген орыс халық рушнигі секілді экспонаттар арқылы келушілер түрікмен, өзбек, әзербайжан, беларусь, орыс, корей және басқа халықтардың ұлттық киім, ыдыс-аяқ, кілем тарихымен жақынырақ таныса алады.

Көрмеде Президенттік орталықтың киімдер, кілем және киіз, жұмсақ инвентарь, кәдесыйлық бұйымдар, ыдыс-аяқ, бейнелеу өнерінің туындылары және материалдық мәдениет заттары топтамаларынан 200-ден астам музейлік құндылықтары ұсынылған.

Көрме 2024 жылдың 10 мамырына дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Мамырдағы демалыс күні ауыстырылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир