|
06.06.2019 | 17:45
2893

Өскемендіктерге тегін медициналық қызмет көрсетіледі

«Біз – денсаулықты таңдаймыз» акциясы 7 маусымда өтеді

Өскемендіктерге тегін медициналық қызмет көрсетіледі фото из открытых источников

Өскемен қаласының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ШҚО Денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

«Біз – денсаулықты таңдаймыз» акциясы 7 маусымда сағат 15.00-17.00 аралығында «Дос-нар» базарының алаңында өтеді. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы концерттік нөмірлер мен түрлі лотереялар ойнатылады», - делінген хабарламада.

Шара барысында терапевт және педиатр мамандары тұрғындарға тегін кеңес береді. Сондай-ақ, өскемендіктерге қан қысымын өлшетіп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін тексеруге мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар, тұрғындар үшін аталған аумақта флюромашина қызмет көрсетеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир