|
23.12.2023 | 12:15
3401

Спортты дамыту дирекциясына жаңа басшы тағайындалды

Еңбек жолын 2001 жылы жаттықтырушы-оқытушы ретінде бастады

Спортты дамыту дирекциясына жаңа басшы тағайындалды kazsports.kz

Спортты дамыту дирекциясының директоры қызметіне Ерлан Естек тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі kazsports.kz-ке сілтеме жасап.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөзы қызметі мәлім еткендей Ерлан Естек бұған дейін Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры қызметін атқарған.

Ерлан Естек ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының директоры қызметіне тағайындалып отыр. Ол 1982 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген.

Арқалық қаласындағы мемлекеттік педагогика институтын (2003 жылы), Шымкент университетін (2016 жылы), Қазақ спорт және туризм академиясының магистратурасын (2017 жылы) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы жаттықтырушы-оқытушы ретінде бастады.

Қазақ күресінен 2 дүркін әлем және Азия чемпионы. Дзюдодан ҚР спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші.

Бапкер ретінде қазақ күресінен 9 әлем чемпионын, 5 Азия жеңімпазын 30-дан астам ҚР спорт шеберін даярлаған.

Оқи отырыңыз: Алтын тұғыр: ұлттық спорттың үздіктері марапатталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир