|
26.04.2024 | 15:13
1207

Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

Бүгінгі таңда 21 658 өтінім қабылданды

Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды elements.envato.com

Су тасқынынан кейін 12 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасып жатыр.

Үкімет аталған жұмысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша атқарып жатыр. Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облысының тұрғындарыарнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштерін беріп жатыр. Бүгінгі таңда 21 658 өтінім қабылданды. Биылғы 26 сәуірдегі жағдай бойынша 12 642 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,5 млрд-тан астам теңге көлемінде біржолғы төлем алды. Шығын болған мал басы үшін берілетін төлем көлемі 211,5 млн теңгеге жетті.

Бүгінгі таңда зардап шеккен өңірлерде 3871 тұрғын үй тексеріліп, 2230 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді. 468 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 645 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Ал Батыс өңірінде су тасқынына қатысты жағдай тұрақталып келеді.

– Біздің облысқа республиканың 14 өңірінен қосымша күш келді. Атырау облысына кеше 281 адам жіберілді. Атырау облысына бүгін сағат 10:00-де 1835 адам, 92 техника, 51 су сору құралы және 10 қайық жөнелтілді. Облыс бойынша жағдай тұрақты және қатаң бақылауға алынды, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш.

Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында 49 отбасыға қираған баспаналарының орнына үй мен пәтер берілді.  Шығынды өтеу жұмыстары жалғасып жатыр және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. Президент тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды – ТЖМ

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир