|
26.04.2024 | 15:30
191

Елімізде «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

Оның мақсаты – жол-көлік апаттарының алдын алу

Елімізде «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр Almaty.tv

«Қазавтожол» Ұлттық компаниясының мамандары және «ҚАЖ сервис» ЖШС қызметкерлері, сондай-ақ Алматы облыстық әкімшілік полиция басқармасының өкілдері, көліктік бақылау басқармасының мамандары бірігіп "Жолда қабылдау" акциясын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Акцияның мақсаты - жол көлік апаттарының алдын алу. Яғни жол бойында жүргізушілерді тоқтатып, жол қауіпсіздігінің ережелерін пысықтау әрі түсіндіру. Одан бөлек, тиісті орган өкілдері жүргізушілер тарапынан туындаған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді. Айта кетейік, «Жолда қабылдау» акциясының жол апаттарын алдын-алуда тигізер пайдасы орасан.

Оқи отырыңыз: Мемлекетке 90 миллион теңге қарыз азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир