|
22.05.2024 | 17:35
309

Батыр бала: сәбиді құтқарған оқушыға 1 миллион теңге берілді

Оқушы және оның ата-анасымен Астана әкімі кездескен

Батыр бала: сәбиді құтқарған оқушыға 1 миллион теңге берілді instagram/jenis_qasymbek

Астанада 4-қабатта ілініп тұрған баланы құтқарған оқушыға планшет пен 1 миллион теңге берілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.  

7-сынып оқушысы Ақан Әкімжановпен және оның ата-анасымен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек кездескен.

- Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 7-сынып оқушысы 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарып қалды.

Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде!, - дейді әкім.

Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Жеңіс Қасымбек болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетілетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Ажалдан аман қалды: Астанада балконда ілініп тұрған бала құтқарылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир