|
16.07.2024 | 18:51
395

АЭС: жалпыхалықтық референдум қашан өтеді

Қазақстанда бір емес, бірнеше АЭС салынуы мүмкін

АЭС: жалпыхалықтық референдум қашан өтеді Almaty.tv

Қазақстанда бір емес бірнеше АЭС салынуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдің солтүстігіне, оңтүстігі мен батысына аталған нысан қажет деп отыр. Ал атом электр стансасына байланысты референдумның қашан өтетіні келесі айда белгілі болмақ.

– Энергетика министрлігі референдум туралы сөз қозғағанда, елімізде бір ғана атом станциясын салу туралы мәселені көтеріп отырған жоқ. Атом энергетикасын және атом индустриясын дамыту туралы ойды ортаға саламыз. Ал референдумға келетін болсақ, Энергетика министрлігі өзге де ведомстволармен, Ұлттық ядролық орталықпен және сарапшылармен өңірді аралау жұмысын тамызға дейін аяқтайды. Референдумның өтетін күні туралы соңғы шешімді сайлау комиссиясы айтатын болады, – деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов газ тапшылығына жол бермеуді тапсырды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир