|
22.02.2024 | 11:21
481

Президент Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мол бақыт, ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына бақ-береке тіледі

Президент Сауд Арабиясының короліне құттықтау жеделхатын жолдады Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Қос киенің сақшысы, король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіздің алдағы уақытта да Сіздің басшылығыңызбен игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестік білдіремін. Біз Корольдікті Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп білеміз. Осы ретте дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға арқау бола беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт, ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына бақ-береке тіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жеделхат
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир