|
28.01.2024 | 11:59
661

Қазақстан мен Еуроодақ визалық режимді либерализациялауда белсенді жұмыс жүргізуде

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Еуроодақ визалық режимді либерализациялауда белсенді жұмыс жүргізуде gov.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Еуропалық одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускаспен кездесуі өткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін қозғап, ҚР азаматтары үшін ЕО елдерінің визалық режимін жеңілдету бойынша консультациялардың екінші кезегін өткізу мәселесін талқылады.

Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бастапқы кезеңдері:

визаға өтінім берудің біріңғай құжаттар топтамасын енгізу;

консулдық алымдардың мөлшерін қысқарту;

өтінімдерді қарасудың мерзімін азайту;

көп мәртелік визалардың қолданыс мерзімін ұзарту.

Келіссөздердің нәтижесі бойынша, ҚР мен ЕО арасындағы консулдық саладағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Үкімет шетелдік инвесторлармен жаңа жобаларды іске қосу перспективаларын талқылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир