|
13.09.2023 | 12:59
776

Үкімет отырысы онлайн форматқа көшеді

Министрлер жұмысының тиімділігі артады

Үкімет отырысы онлайн форматқа көшеді primeminister.kz

Қазақстанда енді үкімет отырысы онлайн режимде өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz -ке сілтеме жасап.

2023 жылғы 13 қыркүйекте үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарлада, министрлер жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ отырыстарды ұйымдастыру кезінде бейнеконференциялық байланысты қолдану тәжірибесін кеңейту көзделген бюрократиясыздандыру туралы қаулыға сәйкес Үкімет отырыстары онлайн өткізілетіні айтылған.

- Министрлер күн тәртібі бойынша баяндама жасау үшін жеке қатысады. Отырыс аяқталғаннан кейін олар баспасөз мәслихатына барады, онда журналистер сұрағын қоя алады. Сонымен қатар кездесулер әлеуметтік желілерде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайтында онлайн режимінде көрсетіледі, – делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл ретте коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында әр министр өз алаңында жеке кесте бойынша брифинг өткізіп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.

Оқи отырыңыз:Қазақстандық жүргізушілер көлік салығынан босатылуы мүмкін

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир