|
26.04.2024 | 14:51
233

Өскеменде із-түзсіз жоғалған қарттың денесі табылды

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Өскеменде із-түзсіз жоғалған қарттың денесі табылды elements.envato.com

Өскемен қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен қарт кісінің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21 сәуірде Ертіс полиция бөліміне хабарласқан әйел күйеуінің ағасы жоғалып кеткенін жеткізді.

72 жастағы азамат 20 сәуірде сағат 10:00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сол уақыттан бері ол хабар-ошарсыз болды.

«Жедел-іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер тартылды. Алайда зейнеткерді табу мүмкін болмады. Тек 3 күн өткеннен кейін Өскемен су электр стансасы ауданындағы Левобережная көшесінде қарт адамның денесі табылғаны жайлы хабар түсті. Бұл жоғалған зейнеткер болып шықты. Оның денесінен көгерген іздер байқалмады. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды – ТЖМ

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир