|
26.03.2024 | 19:00
1716

Су тасқыны: Қарағанды облысындағы тасжолда көлік қатынасы қиындады

Қарағанды облысы бойынша 150 елдімекен қауіпті аумақтың қатарында енді

Су тасқыны: Қарағанды облысындағы тасжолда көлік қатынасы қиындады Almaty.tv

Қарағанды облысында тас жолды су басып, салдарынан көлік қатынасы қиындап тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен тәуліктің өзінде екі бағыт бойынша автомобиль жолында жағдай нашарлаған. Ауа райының тез жылынып, қардың еруі салдарынан «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» бойындағы Көкпекті елдімекенінде су тасыды. Тұрғындар «асфальттің 30 метрі шайылып кетті» дейді. Оқиға орнына арнайы техникамен құм төгіп, жолды тегістеген мамандар сын сағаттың әлі алда екенін ескертеді.

– Өңірдегі штабпен бақылау жұмыстары жалғасуда. Бұқар жырау ауданы Молодежный кентіндегі екі жолды су басты. Жол қатынасына бір бағыт бойынша кедергі болды. Қауіп жоқ деп айтуға болмайды. "Қазгидрометтің" мәліметінше, жұмаға дейін күн ысиды. Тағы бірқатар аумақты аралауды жалғастырамыз, – деді Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов.

Қарағанды облысы бойынша 150 елдімекен қауіпті аумақтың қатарында енді. Тасжолдан бөлек, қала ішіндегі көшелер де қарғын су астында қалуы мүмкін. Апаттың алдын алу үшін өткен бес күндік демалыста сала мамандары өңірді аралап шықты. Әсіресе су қоймаларының жағдайы бақылауға алынды.

Оқи отырыңыз: Алматыда қолданыстағы жол люктері ауыстырылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир