|
28.08.2020 | 18:40
1086

Ұлттық банк «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады

Оларды шығару Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылды

Ұлттық банк «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады Аlmaty.tv

Ұлттық банк «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталары 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап сатуға түседі. Монеталарды Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарынан сатып алуға болады. Сонымен қатар, күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған монеталарды Ұлттық Банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

 Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Ұлттық Банкі аталған монеталарды 2020 жылдың 10 тамызында айналымға шығарды. Оларды шығару Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылды. Карантин режимінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату кейінге қалдырылған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир