Елордада «Адамзаттың алыбы – Хакім Абай» атты республикалық айтыс өтеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл айтыста ақындар кіммен айтысатынын сахнада біледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Адамзаттың алыбы – Хакім Абай». Ертең дәл осындай атаумен елорданың Астана концерт залында Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаттанды айтысқа жол бермеу мақсатында бұл жолғы сөз аламанына бірқатар жаңашылдық енгізіліп отыр. Мәселен, айтыстың шынайылығын, табиғилығын сақтап, суырыпсалма қасиетіне баса мән беріледі. Бұрын ақындар күні бұрын, кейде тіпті бір ай бұрын жұпталып қоятын.

«Көбіне дайындалып келгенін байқатпаймын дегенімен, кішкене жаттандылық бар екенін сіздер де жақсы білесіздер, біздер де жақсы білеміз. Соған жол бермеу үшін ертең бірінші рет ақындарды халықтың алдында жұптаймыз деп отырмыз. Келген 16 адамның бәрі дайындалып келеді, бірақ кіммен кім айтысатынын ешкім біліп алмады. Кішкене бір заманауи технологияны кіргізіп, лототрон сияқты бір жәшік қойғызып, соның ішінде 16 ақынның есімі шарға салынады. Соны қыздар айналдырады. Залдан кез келген көрермен шығып, жаңағы екі шарды алып шығады. Сол жерде кімнің фамилиясы шығады. Сол екеуі сол жерде қолма-қол айтысады», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін ЕРМАН.

Новости партнеров