«Жас өрен» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазылар алқасының құрамында белгілі мәдениет пен өнер қайраткерлері болды

«Жас өрен» байқауының жеңімпаздары анықталды dauletten.kz

Республика күніне орай композиторлар мен ақындар арасында өткен балалар әні мен поэзиясына арналған «Жас өрен» республикалық байқауында кімдер жеңіске жеткені белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылған конкурс 2022 жылғы 15 шілдесі мен 15 қазаны аралығында өтті.

Байқауға ұсынылған 204 шығарманың 133 поэзия, 71 ән жанрында болды. Конкурстың қазылар алқасы құрамына еңбек сіңірген белгілі мәдениет пен өнер және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік ұйым өкілдері кірді.

Байқаудың бас жүлдесі Құр­манғазы атын­дағы Алматы мем­лекеттік консерваториясы хор дири­жерлеу бөлімінің түлегі, композитор Эльмира Дех­ганиге бұйырды.

«Балаларға ар­налған ән» аталымы бойынша

  • I орын­ды композитор, дири­жер, музыкатанушы Әлі­би Әбдінұров (Астана),
  • ІI орын­ды компози­тор, өңдеу­ші Самат Рыспанбе­тов (Ал­маты) пен «Бақжұл­дыз» ме­диа орта­лығының вокал бөлімінің ұстазы Бек­жан Қайратұлы (Талдықорған),
  • II орынды Мәдениет қай­раткері, ақын, сазгер, продюсер Бауыржан Есебаев (Алматы облысы) пен Қазақ ұлттық өнер университеті мектебінің 9-сынып оқу­шысы Нұрислам Доспай (Астана қаласы) өзара бө­лісті.

«Балалар поэ­­зия­сы» аталымында

  • I орынды «Ха­бар24» арна­сы бағдарламалар бөлі­мі­нің аға редакторы Жады­ра Байбұланова (Астана қа­ла­­сы),
  • II орынды респуб­ли­калық «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Ха­са­нов (Астана қаласы) пен Қазақ­стан Жа­зушылар ода­ғының мүшесі Достық Тілеубергенов (Қызылорда об­лысы),
  • III орын­ды ақын, жазушы, драматург Баян­ғали Әлімжанов (Ақмо­ла облысы) пен ақын, журналист Нәзира Бердалы (Аста­на қа­ласы) иеленді.

Сондай-ақ Ольга Кап­лун, Ай­сұлу Тани, Құрмет Са­қай, Ал­пыс­бай Хонж, Қуат Ахе­тов, Сағыныш На­маз­шамо­ва байқаудың дипломанты атанды.

«Жас өрен» республи­калық байқа­уының лауреаттары мен дипломантта­рын марапаттау рәсімі Қазақстанның Тәуел­сіздік күніне арнал­ған мерекелік гала-кон­цертте өте­ді деп жоспарланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир