Республика күні - бұл қазақ халқы үшін өте қастерлі күн

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Республика күні - бұл қазақ халқы үшін өте қастерлі күн». Ослый деген ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтады.

«Республика күні - бұл қазақ халқы үшін, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдері үшін қастерлі күн. Оны Президентіміз ұлттық мереке санатына қосты. Сондықтан қазақтың тойлайтын мерекелік күндерінің қатарында. 25 қазанда өте бір жақсы күн пайда болды. Еліміздің егемендігін алғаш жариялап, тарихи құжатпен байланысты осы күнді ұлттық мереке қарсы алу керек. Өткен күнге көз жүгіртіп, келешекке ой жүгіртіп отырған Қазақстан азаматтарының отбасында бақыт, шаңырақтарында шаттық болсын. Тірліктеріміздің бәрі оң болсын.  Мереке құтты болсын!» - деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.

29 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойғанын еске сала кетейік.

Аталған заңға сәйкес 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні, ал 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып қабылданды.

Новости партнеров