Республика күніне орай Наурызбай ауданында жаңа серуен аймағы ашылды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұнда жүргіншілерге арналған аллея, балалар және баскетбол алаңдары, воркаут аймағы мен шағын амфитеатр орнатылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының «Shugyla City» тұрғын кешенінде Республика күніне орай заманауи серуен және демалыс кеңістігі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа аймақтың ұзындығы 370 метр. Мұнда жүргіншілерге арналған аллея, балалар және баскетбол алаңдары, воркаут аймағы мен шағын амфитеатр орнатылған. Сонымен қатар заманауи жарық шамдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері және шағын сәулет элементтері қойылып, автоматты суару жүйесі енгізіліп, абаттандыру жұмысы жүргізілді.

Бұл кеңістік аудан тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып жобаланған. Мақсаты — белсенді демалысқа, спортпен шұғылдануға және таза ауада уақыт өткізуге қолайлы жағдай жасау. Жоба Наурызбай ауданындағы жайлы урбанистік ортаны дамытуға және абаттандырылған қоғамдық кеңістік санын арттыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданында көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Новости партнеров