Олжас Сүлейменов ТМД сыйлығына ие болды

Марапаттау рәсімі ТМД-ның 30 жылдығына арналды және zoom-форматта өтті

Олжас Сүлейменов ТМД сыйлығына ие болды  Фото: ашық дереккөзден

Қоғам қайраткері және ақын Олжас Сүлейменов "Достастық жұлдыздары" мемлекетаралық сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТМД гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қорының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Достастық жұлдыздары" – гуманитарлық саладағы жетістігі үшін берілетін ТМД-дағы басты марапат.

Марапаттау рәсімі ТМД-ның 30 жылдығына арналды және zoom-форматта өтті.

Гуманитарлық саладағы ең жоғары жетістіктері үшін ТМД бас марапатының иегері қазақстандық қоғам қайраткері, ақын, жазушы, дипломат және әдебиеттанушы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР Халық жазушысы, "Невада – Семей" антиядролық қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы, ЮНЕСКО қамқорлығымен мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры Олжас Сүлейменов болды.

Сондай-ақ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты ректоры, Ресей ғылым академиясының академигі Анатолий Торкунов, Ресей-Армян университетінің ректоры Армен Дарбинян (Армения), физик-ғалымдардың авторлық ұжымынан Александр Тузиков, Сергей Золотой және Сергей Кореняко (Белорусь), Астрофизика институтының директоры Гүлчехра Кохирова (Тәжікстан), Ұлттық ғылым академияларының президенттері Мұрат Жұматаев (Қырғызстан) және Ион Тигиняну (Молдова) ие болды.

Сондай-ақ салтанатты рәсімде жастарға гуманитарлық саладағы жетістіктері үшін жыл сайын берілетін "Дебюттер достастығы" сыйлығы табыс етілді. Марапат ТМД-да Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы жылы деп жарияланған 2020 жылдың қорытындысы бойынша берілді.

"Дебюттер достастығы" мемлекетаралық сыйлығының лауреаты Қазақстан Республикасының қазіргі бейнелеу өнеріндегі ең шығармашыл-белсенді жас суретшілерінің бірі Алмас Нұрғожаев болды.

"Достастық жұлдыздары "мемлекетаралық сыйлығын ТМД-ға қатысушы мемлекеттер мен мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры 2009 жылдың 21 мамырында бекітті.

Содан бері гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері үшін бұл марапат жыл сайын беріледі.

Лауреаттарға диплом, құрмет белгісі және куәлік беріледі. Сыйлық ретінде 2 миллион Ресей рублі табысталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир