Қазақ сазгері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 ән тарту етті

Almaty.tv
Almaty.tv
Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген Ерлан Төлеубайдың жаңа үнтаспасы жарық көрді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ сазгері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 әнді тарту етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген Ерлан Төлеубайдың жаңа үнтаспасы жарық көрді. Автордың «Саған келдім, Атажұрт» әніне түсірілген бейнебаяны да жұртшылық назарына ұсынылды.  Оның егемендікке арналған туындылары отансүйгіштікке шақырып, ұлт тарихын насихаттайды.  

«Біз алыстан «Елімізден не аламыз?» деп емес, «Не береміз?» деп келген қазақпыз. Мысалы, менің досым Талапбек Тынысбек «Қазаққа қазанмен болса да, көмектесемін» дейтін. Қолдан келгенше, жүректен шыққан әндерімізді Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылына арнап жатырмыз», – деді сазгер Ерлан Төлеубай.  

Тәуелсіздікке тарту болған 30 әннің ішіне Алаш зиялыларының туындылары мен жыр-жинақтары енді. Сонымен қатар сазгер Мұстафа Өзтүрікке арналған «Біз түркілерміз» және «Түркістан» сынды өлеңдерге ән жазып, оны өнер адамдары бас қосқан жиында таныстырды.   

«Шын талантына құрмет көрсете алған халық қана Ұлы өнерді жасай алады. Сондықтан арғы беттен келіп, үлкен жұмыстар атқарып жатқан Ерланға ризамыз», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс.

Новости партнеров