Ержан Бабақұмаров «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы» конференциясына қатысты

Іс-шараға қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Алматы әкімдігі, «Nur Otan» партиясы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты

Ержан Бабақұмаров «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы» конференциясына қатысты пресс-служба акима Алматы

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Алматыда «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы» атты конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Іс-шараға қаланың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Алматы әкімдігі, «Nur Otan» партиясы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров конференцияға қатысушыларға арнаған сөзінде белсенді азаматтық қоғамдастықсыз сыбайлас жемқорлықты барынша азайту, жою туралы айтудың мағынасы жоқ екенін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимыл мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана мүмкін болады», – деді Е. Бабақұмаров.

Конференция барысында Алматыда 2021 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс талқыланды және қорытындыланды.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мұрат Ахметов сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және қоғам арасында парасаттылық, адалдық және әділдік мәдениетін ілгерілету – бүгінде ең маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Сондай-ақ осы мақсатқа жету үшін азаматтық қоғамның қатысуы қажет екенін түсіну өте маңызды», – деді М. Ахметов.

Конференция аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосқан қаланың қоғам қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Алматы әкімінің атынан грамоталарды қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров тапсырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының атынан – Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы М. Ахметов тапсырды.

Е. Бабақұмаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

«Қоғам қайраткерлерінің рөлі өте маңызды, өйткені олар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, парасаттылық, адалдық және әділдік мәдениетін таратуға және қалыптастыруға өз үлестерін қосуда», – деп атап өтті Е. Бабақұмаров.

Өз кезегінде, М. Ахметов сыбайлас жемқорлық күрделі әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыс екенін, ол қандай да бір дәрежеде барлығына әсер ететінін айтты. Осыған байланысты, қоғамшылдардың көмегі баға жетпес.

Сондай-ақ Almaty TV телеарнасының бас директоры Н. Мұхамеджанова, «Қазақфильм» АҚ президенті А. Сатаев, «Алматы - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Сәбитова, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қ. Токушев және басқа да жұртшылық өкілдері ерекше үлесі мен белсенді қызметі үшін марапатталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир