Алматыда «Әлем халықтары жазушылары одағының анталогиясы» жарық көрді

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңа кітаптың бірінші томына сөз саңылақтарының поэзиясы енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Әлем халықтары жазушылары одағының антологиясы» шығармалар жинағының 1-ші томы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық кітапханада өткен іс-шарада туынды авторлары бас қосып, 30 жылда атқарылған маңызды істерге тоқталды.

Айта кетсек, жаңа кітаптың бірінші томына сөз саңылақтарының поэзиясы енді.

«Ұйымда 400-ден аса мүше бар, соның ішінде ең мықты деген ақындардың поэзиясын салдық. Оның ішінде көркемдік поэзия, жастарға арналған махаббат лирикасы да бар. Таңдаулылары енді, сондықтан оқырман сүйіп оқиды деп ойлаймын», – деді публицист Ізтілеу Тойшыбайұлы.

Аталмыш шараға өзге өңірден келген ақын-жазушылар да қатысып, жаңа жинақтың тұсауын кесті. Ал кітап авторының сөзінше, туындының екінші томына прозалар енбек.  Оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.  

«30 жылда үлкен өрге, жоғары деңгейге көтерілдік деп айта аламын. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында әр сала, оның ішіде, мәдени сала өз деңгейіне көтерілді», – деді Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Қайрат Ахмерұлы.

Новости партнеров