НАСА астронавты Марк Ванде Хай Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бортынан Қазақстан Республикасын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен, сондай-ақ АҚШ-пен достықтың 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Видео Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.
"Қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын! АҚШ Қазақстан Тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады. Содан бері екі ел арасында барлық бағыт бойынша, әсіресе, ғарышты зерттеуде ынтымақтастық артып келеді", – дейді Томас Ванде Хэй.
Сондай-ақ ол Байқоңыр ғарыш айлағынан алған әсерін айтты.
"Байқоңырдан екі мәрте ұшу бақытына ие болдым. NASA онда маңызды зерттеулер жүргізді", – дейді АҚШ азаматы.