Танымал актерлер мен әншілер қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Еліміздің танымал өнер қайраткерлері мен эстрада және опера әншілері жылы лебіздерін білдірді

Танымал актерлер мен әншілер қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады Almaty.tv

Еліміздің танымал өнер қайраткерлері мен эстрада және опера әншілері де қазақ жұртын егемендіктің мерейлі 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Замана тоғысында талай нәубетті бастан өткерсе де, бүгінде көк байрағы желбіреп, әлем сахнасынан өзіндік орнын тапқан Қазақстанның болашағы жарқын болсын деген ақ тілектер айтылды. Ол үшін атадан қалған аманат – Тәуелсіздікті бүгінгі қоғам көздің қарашығындай сақтап қалуы керек дейді.   

«Тәуелсіздік – ұға білген жанға тәтті ұғым. Бұл – сонау арғыдағы ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман. Құдайға шүкір! Қазақтың басына үлкен бір жақсы заман орнады, Тәуелсіздік келді. Енді ешкімге тәуелді емеспіз. Өз байлығымыз өзімізде. Өз билігіміз өзімізде. Өз аспанымыз төбемізде. Көк туымыз желбіреп тұр, Құдайға шүкір. Осының қадірін, бағасын білуге тырысайық», – деді Қазақстанның халық әртісі, актер Тұңғышбай Жаманқұлов.

«Құтты болсын, Тәуелсіздік мерекесі!

Мықты болсын еліміздің керегесі,

Тату-тәтті халқымызға бақ қонып,

Кетпесін туған жердің берекесі, – дей отырып, бүгін қазақ елін Тіуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Бұл – біз үшін ең қасиетті, ерекше мерекелердің бірі. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсап келген армандар орындалып, елімізге еркіндік сыйлаған ұлы күн», –  деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын Забирова. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир