Бекмырза Сырымбет: 90-шы жылдардың қиындығы артта қалды

Бекмырза Сырымбет: 90-шы жылдардың қиындығы артта қалды
Тарихшы-ғалым еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ұстаздар өмірінің қаншалықты қиын болғанын еске алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, 90-шы жылдардың басында халықта ақша да, жұмыс та болмады. Сол кезде мектеп мұғалімдері де ала дорба арқалап, саудамен айналысып кеткен болатын. Бұл туралы тарихшы-ғалым Бекмырза Сырымбет айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол ұстаздардың отбасын асырау үшін қосымша табыс іздеп, саудамен айналысқандар болды. 

«Сол уақытта бартер деген шықты. Халық жан бағу үшін заттай айырбас жасауға көшті. Мысалы, бір қойға 1 қап ұн дегендей. Елде ақша жоқ, ақша болса да, құны жоқ. Жұмыс та табылмайтын. Ел тозып, жұрт босып кетті. 

Мен сол жылдары мектепте сабақ беретінмін.  Мұғалім бола тұра, демалыс уақытында директордан сұранып, Алматыға қарай ала қоржынымды арқалап, Қытайдың арзан заттарын, сағыз бен дәптер сатқан кездерім болды. Қазір ол қиындықтар да артта қалып, еліміз адам танығысыз болып өзгерді, тұрмысымыз жақсарды», – деп еске алады Бекмырза Сырымбет.


Новости партнеров