Ермұрат Бапи телемарафон жайында: сол кездерді еске алдық

Ермұрат Бапи телемарафон жайында: сол кездерді еске алдық Фото: ашық дереккөзден

Тәуелсіздігіміз – қазақ халқы үшін қашан да киелі, қастерлі, мәні мен мәртебесі жоғары саналатын асыл қазына. Белгілі журналист Ермұрат Бапи «Алматы» телеарнасы ұйымдастырған «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты телемарафоннан алған әсері туралы айтты.

Тікелей эфир форматында өткен мерекелік шығарылымға еліміздің көрнекті қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, сырлы сұхбат жүргізді.

«Алматы» телеарнасының осындай мерейлі сәтте, Қазақстан халқы үшін айтулы күнге арнап телемарафон ұйымдастырғаны әрине өте қуанышты жағдай. Себебі ақпарат әлемінде ақпар тарату үшін БАҚ-та қоғамның тынысына көңіл бөлу мен дем беру байқалады. Әсіресе соңғы жылдары азда болса, азаматтық қоғамның үні естіле бастады. Бұл да қуанышты жағдай. «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» телемарафонынан бірнеше сұхбат көріп, әсем әуен тыңдадық.  Желтоқсан оқиғасына арналған деректі фильмін көріп, сол кездерді еске алдық. Мерекеге орай телемарафонда викторина ұйымдастырылды. Осының бәрін көріп «Алматы» телеарнасының қызметкерлері керемет шаруа атқарды деп есептеймін. Бұл оңай дүние емес. Осындай іс-шаралар жалғаса берсін. Тәуелсіздігіміз құтты болсын!» – деді Ермұрат Бапи.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Автор

автор Зере Саримова
Зере Саримова
редактор
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир