ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін атады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздік жылдарында бір жарым миллион азаматымыздың тұрғын-үй жағдайы жақсарды. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ауқымды реформалардың арқасында отандық экономика көлемі шынайы мәнде 2,5 есе артты. Жалпы ішкі өнім доллармен жан басына шаққанда 13 еседен астамға өсті және еліміздің Орталық Азиядағы сөзсіз көпбасшылығын қамтамасыз етті», – деп атап өтті ҚР Президенті. 

Мемлекет басшысының атап өтуінше, Қазақстанға 370 млрд доллардан астам тікелей шетел инвестициясы тартылды. Жан басына шаққандағы бұл көрсеткіш бойынша еліміз поскеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің бәрінен және бірқатар шығысеуропалық елдерден басып озды. Қазақстаның халықаралық қоры 90 млрд доллардан асып жығылады. 

«Еліміз өңірлерді, көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік салаларды дамытуда байыпты жетістіктерге жетті. 13 мың шақырым автомобиль жолы мен 2,5 мың темір жол салынып, жаңғыртылды. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолының еліміздегі бөлігі іске қосылды. Каспий теңізінің жағасында Құрық айлағы ашылды. Өндіріс саласына серпін берілді. Аумағы 180 млн шаршы метрден астам үй салынды. Соның нәтижесінде бір жарым миллион азаматымыздың тұрғын-үй жағдайы жақсарды», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Новости партнеров