Алматыда «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті

Сонымен қатар іс-шараға келген қонақтар «Тұғырына қонған Тәуелсіздік» жылжымалы көрмесін аралады

Алматыда «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты дөңгелек үстел өтті Almaty.tv

Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне орай «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сонымен қатар іс-шараға келген қонақтар «Тұғырына қонған Тәуелсіздік» жылжымалы көрмесін аралады. Аталған көрмеге тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілігі мен келісімін дамыту мен нығайтуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еңбектерімен қоса, өзіне сыйланған кәдесыйлар қойылды. 

«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған іс-шара болып отыр. Бұл – іс-шара Елбасының халқына сіңірген еңбегіне арналған іс-шара», – деді қалалық музейлер бірлестігі директорының орынбасары Сержан Бараханұлы.

Президент күніне арналған шараға зиялы қауым өкілдері, Тұңғыш Президенттің бірге оқыған сыныптастары қатысты. Дөңгелек үстелде еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктері мен белестеріне шолу жасалып, Елбасының сара жолы өскелең ұрпаққа үлгі етілді.   

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир