Алматыда тұрғындар арасында шахматтан жарыс өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұйымдастырушылар ойыншыларды жас ерекшелігіне емес, тәжірибесіне қарап жұпқа бөлді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 8 аудан арасында шахмат жарысы өтті. Аталмыш спорт сайысына 70-тен астам әуесқой тұрғын қатысып, өзара жеңімпазды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бір қызығы, қатысушылардың бірі 5 жасар бүлдіршін болса, ең үлкені – 84 жастағы қария. Ұйымдастырушылар ойыншыларды жас ерекшелігіне емес, тәжірибесіне қарап жұпқа бөлді. Олардың сөзінше, шахмат білектегі күшке қарағанда, ой ұшқырлығы сыналатын бәсеке. 

«Аталмыш жарыс жас шахматшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік береді. Егемендік жылдары дәл осы спорт түрінен еліміздің даңқы төрткіл дүниеге асқақтады. Бүгінгі сайысқа бүлдіршіндердің де қатысып жатқанын көріп, риза болдым», – деді қалалық шахмат федерациясы директорының міндетін атқарушы Сергей Ким.

Дода басында сайыстың ең жас ойыншысы мен қалалық шахмат федерациясының өкілі тор көзді тақтайдың екі жағына отырып, өз біліктілігін дүйім жұртқа паш етті. Алдыңғы мен кейінгі буынның басын қосқан іс-шараның ашылу салтанатында ұйымдастырушылар барша отандасты мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. 

«Түрксіб ауданының әкімі мен ұйғыр диаспарасының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Бұл турнир Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. Алға қойған мақсатымыз көп», – деді Түрксіб ауданы әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанат Әлімбетов.

Новости партнеров