Алматыда алғаш рет «Қобыз сарыны» республикалық байқауы өтіп жатыр

Додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер бақ сынасқан

Алматыда алғаш рет «Қобыз сарыны» республикалық байқауы өтіп жатыр

Елімізде жасөспірімдер арасында тұңғыш рет «Қобыз сарыны» республикалық байқауы өтіп жатыр. Сайыстың гала концерті «Алатау» дәстүрлі өнер театрында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен қала күніне орай ұйымдастырылды. Додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер бақ сынасқан, деп хабарлайды Almaty.tv

Ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегіне айналған қобыз аспабы ғасырды ғасырға жалғап, сазды сарынын үзбей, халқымыздың қуанышы мен мұңын жеткізіп келеді. Ботасыз нарды идірген қобыз үнін дәріптеу 

«Іс шараның басты мақсаты – ұлттық өнерімізді насихаттау мақсатында, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін, дала үнін, яғни, қобыздың үнін бүгінгі таңда жастарға тәлімдік тағылымы мол дүниені таныту мақсатында өткізіліп жатқан игі іс шара деп білеміз», – деді қалалық Мәдениет басқармасы орынбасары Данияр Әлиев.

Қорқыттың ізін жалғастырушы өнерпаз ұрпақтар саны жыл сайын артып келеді. Сайдың тасындай болған сайыскерлердің бағасын беретін әділ қазылар алқасы олардан үлкен үміт күтетінін жеткізді.

«Осы байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын. Себебі, Тәуелсіздік алғалы бері 30 жылда көптеген жас таланттар шығып жатыр. Осындай байқаулар көп болсын деймін. Жалпы ұлттық орындаушылардың деңгейі өсіп келе жатыр», – деді прима-қобызшы Ғазиза Ғабрахимова.

«14 облыс, 2 қаладан қатысып, бүгінгі күнде 12 қобызшы алға шығып отыр. Енді бүгін тағы да төртеуін, жеке дарасын, таңдаймыз», – деді «Желтоқсан 1986. Тәуелсіздік қырандары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбахрам Жүніс.

Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені –13 жасар Жанахметова Баян қанжығасына байлады.

Қобыз көнеден келе жатқан қазақ халқының ғажайып сазды, бай тембрлі аспабы. Осындай тағылымның табын өшірмей, көненің көшіндей болған мұраларымызды дәріптеу әрқайсысымыздың парызымыз. Өйткені, рухани жаңғырудың өзегі осында

Таңелі Есіркепова, Ялкунжан Ашимжанов,«Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир