Бүгін қаламыздағы орталықтандырылған №14 кітапханада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында желтоқсаншы Қайрат Рысқұлбековтің 55 жылдығына орай тарихи оқиғаны көзі көрген азаматтармен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басқосуға келген желтоқсаншылар сол кездегі жастардың бойындағы патриоттық сезімді айтып, қылышынан қан тамған саясаттың қыспағын суреттеп берді. Осылайша, өскелең ұрпақтың санасына ұлағатты ой мен маңызды ақпарат жеткізді.
«Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 55 жыл толуына орай және тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай кездесу кеші өтіп жатыр. Бұл кездесуге келген аға-апаларымыз 1986 жылы алаңға шыққан жастардың ерлігі, тәуелсіздік үшін күресі, бұл күрестің баға жетпес тарихи мәні бар екенін жастарға түсіндірді», – деді кітапхана меңгерушісі Фариза Әкімова.