Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Алматыда жас суретшілердің көрмелері өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Мамандар өнер саласындағы жетістіктердің ел егемендігімен астасып жатқанын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Тәуелсіздік ­­­­­­­–­­ тұғырым». Алматыда осындай атаумен Фатима Нөкеннің жеке көрмесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

3 жасынан бастап қолына қылқалам ұстаған жас суретші бүгінде 12-сыныпта оқиды. Болашағынан үлкен үміт күттіретін қылқалам шебері балалық шағында пейзаж бен натюрморт жанрларында сурет салғанды ұнататын болса, қазір қызығушылығы портрет салуға ауғанын айтады. Шараға белгілі суретшілер қатысып, жас өнерпаздың туындыларына жоғары баға берді. 

«Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – ең бірінші Алматы қаласында осындай өнерге бағытталған ерекше мектеп бар екенін көрерменге көрсету. Алматы қаласының тұрғындарына, өнерге қызығушы жас суретшілерге осы мектепті таныстыру», ­­­­­­­− деді жас суретші­ Фатима Нөкен.

Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде де Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 суретшінің қатысуымен көрме өтті. Олар қазақ тарихынан сыр шертетін күнделікті тұрмыс-тіршілік пен бүгінгі қоғамды қылқалам арқылы шебер суреттеген. Мамандардың айтуынша өнер саласындағы жетістіктер ел егемендігімен астасып жатыр. 

«Біздің еліміз үшін осы Тәуелсіздік мерекесінен артық ешбір мереке жоқ. Бұл – халықтық мереке», ­­­­­­­− деді суретші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өмірбеков.

Новости партнеров