Мемлекеттік бағдарламалар мен үшін Тәуелсіздіктің айқын дәлелі – Бибінұр Шерәлиева

Елдігімізді еселеген егемендігіміздің құрдастары «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» атты республикалық челленджіне білек түре атсалысып жатыр

Елдігімізді еселеген егемендігіміздің құрдастары «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» атты республикалық челленджіне білек түре атсалысып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Соның бірі елге қызмет етіп жүрген Әнуар Әскербеков. Жас маман салмақты сұраққа өз жауабын ортаға салып, жастарға Тұғырлы Тәуелсіздігіміз бәрінен қымбат екенін айтты.

«30 жылдық тарихы бар тәуелсіз Қазақстан өмірлік мақсатымның орындалуына мүмкіндік берді. Менің ойымша, тәуелсіз елде аянбай тер төккен азаматтың болашағы жарқын боларына кәміл сенемін», – деді Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы Әнуар Әскербеков.

Ал, қоғамға өзіндік шарапатын тигізіп жүрген Бибінұр Шерәлиеваның айтуынша, Тәуелсіздіктің сыйлаған тағы бір жақсылығы – кәсіпкерлікке мүмкіндік берген мемлекеттік бағдарламалар. Бизнесті қолдау гранттарының арқасында, өз кәсібін ашып, қоғамға өз пайдасын тигізіп жатқанын қуанышпен жеткізді.

«Мемлекеттік бағдарламалар мен үшін Тәуелсіздіктің айқын дәлелі болмақ. Себебі, сондай бағдарламаның бірін қолданып, өзге нәзік жандыларға қолдау көрсетіп, өз кәсібін құруға көмектестім. Өзімнің идеямды шындыққа айналдырдым», – деді «Рахым әлеуметтік үйі» қоғамдық қорының жетекшісі Бибінұр Шерәлиева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир