#Qazaqstan30: Үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров оқушылармен кездеседі

Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған

#Qazaqstan30: Үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров оқушылармен кездеседі

15 маусымда сағат 15.00-де Наурызбай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында он оқушы күрескер және ережесіз күрес бойынша үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен кездесе алады. Қалғандары трансляция режимінде атақты спортшыға @akimat_nauryzbai_audany  Instagram парақшасында сұрақ қоя алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Осы жылдар ішінде Ардақ Назаров жеңіске жетті, жаттығу процесін белсенді жүргізді, әлем бойынша беделді жарыстарға қатысты. Оның жеңістерінің арқасында Қазақстан ММА күресшілері мен жауынгерлерінің ұстаханасы ретінде танымал болды.

Спортшы Отанға деген адалдық, өзінің жеңістері, табандылығы, ерік күші, үлкендерге деген құрмет туралы сұхбат береді.

Ардақ Назаровтың пікірінше, мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Бүгінде әлем чемпионы – көпшілікке үлгі. Әр кездесуде ол жастарды алға қойған мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек етуге, үлкендерді құрметтеуге, отанын сүюге және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Айта кетейік, Ардақ Назаров өзінің спорттық қызметін 1991 жылы ҚР Тәуелсіздігі қарсаңында грек-рим күресі секциясынан бастады. Өзінің еңбек жолында ол жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, грек-рим күресінен, джиу-джитсу мен панкратионнан өткен аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлдегер болып, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир