Абай жылы, Ата Заң: 1995 жыл қандай тарихи оқиғаларымен есте қалды

Абай жылы, Ата Заң: 1995 жыл қандай тарихи оқиғаларымен есте қалды
Бүгінде еңсесін тіктеген егеменді Қазақстанның әр күні маңызды оқиғалар тізбегінен құралады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тәуелсіздіктің отыз жылдығы тарих тармағындағы талай елеулі оқиғаларға куә болып келеді. Соның бірі – 1995 жылы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданған жыл. Мәдениет пен әдебиет саласының да қатар жаңғырып, жаңа белеске қадам жасай бастаған кезі де дәл осы 1995 жылды меңзейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Егеменді ел болып, елдігімізді түгендеп берген сол кездегі Тәуелсіздіктің әр күні жаңа қадамдарға көш бастады. Мәселен 1995 жыл Ұлы Абай жылы болып жарияланып, жалпақ жұрт рухани байыды. Бұл жылы қазақ елін әлемге танытатын ұлттың дара тұлғасын Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЮНЕСКО-ға әлемдік деңгейде атап өтуге ұсыныс жасады. Сөйтіп Хәкім Абайдың 150 жылдығы жер шарын шарлап өтті.

«1995 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Абай жылы» деп жариялады. Яғни, 1995 жылы Абайға байланысты іс-шаралар өтті. Абайдың туған жері Жидебайда Абай мен Шәкірімге мемориал ашылды», – деді абайтанушы, «Хакім Абай» ғылыми зерттеу орталығының директоры Жабал Шойынбет.

Осы жылдың 23 желтоқсанында «Қазақфильм» киностудиясы ұлы ақын Жамбыл Жабайұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Жамбылдың жастық шағы» атты көркемсуретті картина түсірген болатын. Туынды Жамбылдың жас кезін суреттеп, Сүйінбайдан бата алғанын, одан қала берді, Қатағанды қарабет қылған оқиғасы дүйім жұртқа лезде тарап кеткен болатын.

Дара Абаймен ұласқан өркениет 1995 жылы 18 желтоқсанда Абай алаңындағы «Арман» кинотеатрында  «Қыз Жібек» көркем фильмінің 25 жылдығына арналған кешпен жалғасын тапқан болатын.

1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданып, 5 қыркүйек күні өз күшіне енген еді. 9 тараудан, 98 баптан тұратын құнды құжатымыз сол кезден бастап әрбір азаматтың құқын қорғап келеді.

«1995 жыл саяси мәдени жағынан алғанда өте маңызы бар ерекше маңызы бар ерекше дата деп айтсақ болады. Екінші бір маңызды жайт, Қазақстанның бірлігінің көрсеткіші ретінде Ұлттық ассамблеяның құрылыу да үлкен тарихи оқиға саналады», – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «әлем тарих» кафедрасының меңгерушісі Кәмшат Рүстемова.

Сонымен қатар 1995 жылдың 20 қаңтарында ел Мәскеуде ҚР Президенті Н. Назарбаев пен РФ Президенті Б. Ельциннің арасындағы келіссөздерге куә болды. Бұдан кейін екі е  ынтымақтастығын кеңейту және тереңдету туралы декларацияға қол қойып, еліміз әлемдік аренада өзін мойындата бастады.  

Әлібек Шынтемір, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров