Бүгін Қазақстан дипломатиясының бірқатар ардагерлері мен қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында еліміздің Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен жүзеге асты.
«Олар – тәуелсіз мемлекетіміздің, сыртқы саясатымыздың, жалпы дипломотиямыздың қалыптасуына үлкен үлес қосқан сыйлы кісілер», – деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Асқар Шоқыбаев.
Сонымен қатар қабылдаудың ресми бөлімі аяқталғаннан кейін ардагер дипломаттар мен қонақтар Қазақ ұлттық опера және балет театры жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертті тамашалады.
«Осы 30 жылда Қазақстанның экономикасы дамып, саяси үлкен мәселелер шешілді, әлеуметтік халықтың жағдайлары жақсарып, үлкен межеге, биік үлкен белестерге шықтық», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері Тілеухан Қабдырахманов.