«Алматы» телеарнасы «Тәуелсіздік мен үшін» челленджін бастады

Almaty.tv
Almaty.tv
Мемлекет үшін маңызды датада айтары бар көрермен арнамызға хабарласып, өз оқиғасын айтып бере алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» телеарнасы ел егемендігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік мен үшін» челленджін бастады. Мемлекет үшін маңызды датада айтары бар көрермен арнамызға хабарласып, өз оқиғасын айтып берген еді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.     

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Мемлекет үшін ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағынан асқан құндылық жоқ. Бүгінде елдің ертеңі болар өнерлі ұрпақты оқытып, білімге баулып, ұстаздық етіп жүрген жанның бірі, Тәуелсіздіктің түйдей құрдасы – Аяулым Жакыпбергенова. «Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде еліме, жерімен өз үлесімді қосуға дайынмын» дейді ол.

«Бүгінгі таңда мен еліміздің болашағы болар білімді ұрпақты тәрбиелеуде үлесімді қосып жатырмын. Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде Қазақстанның азаматы болуға үлес қосудамын. Мен өз елімді мақтан тұтамын. Қазақ еліне мәртебеміз биік болсын, еліміз мәңгі егеменді, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деп тілек айтқым келеді», – дейді №174 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Аяулым Жақыпберова. 

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжановтың айтуынша, Тәуелсіздіктің арқасында қолымызға тың теректер, құнды жазбалар түсті. Кеңес заманының адамдары үшін мұрағат жабық болды, ал дерексіз, дәйексіз ештеңеге көз жеткізе алмайсыз. Ал енді егемендіктің арқасында тарихшыларымзға үлкен мүмкіндік туды дейді.

«Тәуелсіздіктің 30 жылы аз уақыт емес. Бүтін бір ұрпақ өсіп шықты деген сөз. Бәрі салыстырумен анықталады деген сөз бар ғой. Менің ұқанным, бұрын қоғам жалтақ еді, адамдардың бойында үрей, қорқыныш болатын. Ал Тәуелсіздік келгелі қазақтың өз болмысын тауып, бары мен байлығына өзі ие бола бастағанына көріп отымыз», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов.  

Иә, Тәуелсіздік – көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.

Қасымхан Талғатұлы, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров