Тәуелсіздіктің ақ таңы атып, тізгін қолға тигелі егеменді елімізге тікелей қатысы бар бірқатар шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мәселен, осыдан 4 жыл бұрын дәл осы күні ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың шешімімен, Алматы ЮНЕСКО Шығармашылық қалалары желісінің мүшелігіне қабылданды. Бүгінде бұл желіде дүниежүзі бойынша 72 елдің 180 қаласы бар.
Ал 2015 жылы 1 қарашада Миланда дүниежүзілік мәнге ие ЭКСПО көрмесінің эстафетасы салтанатты түрде Қазақстанға берілді. Осылайша, еліміз отыз жылдың ішіндегі ең айтулы шараны абыроймен атқарып шықты.
Еске салсақ, ЭКСПО көрмесі 2017 жылы елорда төрінде өтіп, оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.
Ал 2016 жылы Бразилияның Порту-Алегри және Ново Гамбург қалаларында өткен ғылыми жобалар мен технологиялар бойынша халықаралық олимпиадада елордалық мектеп оқушылары 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.