Талдықорғанда «Құдіретім – қылқалам» атты шығармашылық көрме өтті
Almaty.tv
Көрмені өткізудегі басты мақсат – өскелең ұрпаққа халқымыздың дәстүрін, тәуелсіз елдің деңгейін көрсету
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Талдықорған қаласының Көркемсурет галереясында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Құдіретім – қылқалам» атты шығармашылық көрме өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кештің авторы – Суретшілер одағының мүшесі, Көркемсурет академиясының академигі Жанұзақ Мүсәпір.
Көрмені өткізудегі басты мақсат – өскелең ұрпаққа халқымыздың дәстүрін, тәуелсіз елдің деңгейін көрсету.
«Не нәрсе болса да, қаламмен жасалады. Сондықтан да қаламның құдіреті – бүкіл әлемнің құдіреті деп айтуға болады. Сондықтан мен әрқашан да өзімнің құдіретім қылқаламым деп есептеймін. Туған жеріме тарту ретінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай осы көрмемді ұсынып отырмын», – деді ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жанұзақ Мүсәпір.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52