«Елбасы медалі» бағдарламасы: Алматыда қала жастарының аллеясы ашылды

«Алматыны дамыту-2025» стратегиясы бойынша қаланың «жасыл желісін» құру міндеті қойылған болатын

«Елбасы медалі» бағдарламасы: Алматыда  қала жастарының аллеясы ашылды Almaty.tv

Алматыдағы «Дархан» ықшамауданында «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында қала жастарының аллеясы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

«Алматыны дамыту-2025» стратегиясы бойынша қаланың «жасыл желісін» құру міндеті қойылған болатын. Осы орайда Экология департаментімен бірлесе Алатау ауданына былтыр 176 мың ағаш отырғызылса, алдағы уақытта бұл аймаққа қосымша 100 мың түп көшет егу көзделіп отыр.

Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.  

«Алатау ауданында «Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша 31 жоба іске асты. Соның ішінде осы «Дархан» ықшамауданындағы аллея бар. Соған байланысты «Қазақстан Жастар Конгресі» қолдап, осындай іс-шара жүргізіп отыр», – деді Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Тоқтасынов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир