Алматыда жауынгерлік спорт түрлерінен фестиваль өтті

Фестиваль биыл осымен екінші мәрте өткізіліп отыр

Алматыда жауынгерлік спорт түрлерінен фестиваль өтті Almaty.tv

Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жауынгерлік спорт түрлерінен фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.   

Алматы қаласы спорт басқармасы ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты – спортшылардың спорттық шеберлігін көтеру. Фестиваль биыл осымен екінші мәрте өткізіліп отыр.  

«Аталған іс-шара Алматы қаласының жауынгерлік өнерімен бірлесіп, ұйымдастырылды. Бұл спорттық мереке, әрине, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жалпы, қаламыздағы мектеп оқушыларынан 1,5 мыңнан астам бала қатысады», – деді спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов.

«Бұл жарыстан бірінші орын алғаныма өте қуаныштымын. Өзімнің қарсыластарым да мықты болды. Осы жарысты ұйымдастырған адамдарға үлкен рахметімді айтамын», – деді жарыс жеңімпазы Ақниет Аңсаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир