Тәуелсіздік шежіресі: 2 қарашада қандай шешімдер қабылданды

Тәуелсіздік шежіресі: 2 қарашада қандай шешімдер қабылданды
Егемендіктің 30 жылында республикамызда көптеген бастамалар қолға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел еңсесін тіктеген егемендіктің 30 жылында республикамызда көптеген бастамалар қолға алынды. Мысалы, осыдан 21 жыл бұрын дәл осы күні Семей университетіне хакім Абай негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін дамытушы, ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі беріліп, білім ғимаратының алдына ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.                    

Бүгінде бұл оқу орнында 5 мыңнан астам студент білім алып жатыр.  

Ал 2006 жылы Қазақстан алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне мүше болып сайланды. 54 мүше мемлекеттен тұратын Кеңес ұйымның 14 мамандандырылған мекемесінің, сондай-ақ, 10 функционалдық және 5 өңірлік комиссиясының жұмысын үйлестіреді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес, атамыш Кеңес халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге, адамдардың еңбекпен толық қамтылуына, экономикалық және әлеуметтік прогреске жауап береді.

Сондай-ақ, дәл осы күні 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласында Словакия Республикасының Құрметті елшілігі ашылды.  

Новости партнеров