Алматыдағы РФММ аясында жұмыс істейтін «Келешек» мектебіне 25 жыл толды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мерейлі мерекеде үздік ұстаздар анықталып, оларға алғысхаттар табысталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Келешек» мектебіне – 25 жыл. Бүгінде аталған білім ордасы Республикалық физика-математика мектебінің аясында жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Оқушыларды 5-сыныптан бастап қабылдайтын оқу орны кіл мықтылар түсетін Алматы қалалық Республикалық физика-математика мектебіне дайындалуға мүмкіндік беріп келеді. Шәкірттері республикалық, халықаралық олимпиадаларда топ жарып жүр. Мерейлі мереке аясында бүгін мектептегі үздік ұстаздар анықталып, оларға алғысхаттар табысталды.  

«Биыл – Қазақстан Тәуелсіздігің 30 жылдығы. Сол мерекемен ұштасып отыр. Осындай үлкен еңбектің нәтижесін мен қазір жас ұстаздарды тәрбиелеп жатырмын. Олар жаңа технология бойынша, 21-ғасырдың мақсаттарын орындайтын, келешекте өз аға-әпкелері сияқты білімді, тәрбиелі, ынталы, Қазақ елін, жерін сүйетін ерекше балаларды тәрбиелейтін мектеп болғанына қуаныштымын», – дейді «Келешек» физика-математика мектебінің негізін қалаушы Жанна Сабурова.

Бүгінде мегаполистің брендіне айналып үлгерген Республикалық физика-математика мектебінің жұмыс істеп тұрғанына 49 жыл толды. Осы аралықта білім ордасынан ел билігінде жүрген талай көшбасшылар түлеп ұшты. Сондай-ақ Республикалық физика-математика мектебі директорлар кеңесінің басқарушысы Берік Қаниев те осында оқыған. Бүгінде білім ордасы түлектерімен марқаяды, мақтанады.  

«Мен Алматы республикалық физика-математика мектебінің 2007 жылғы түлегімін. Бұл білім ордасының маған бергені көп. Ерекшелігін айтар болсам, мектеп шетелдік әдістемемен оқытады. Оған дәлел – мен мектепті бітіріп, жоғары білімді Швецарияда оқыдым. Сол кезде 4 жылдық білім бағдарламасын 3 жылда, яғни 1 жылға ерте аяқтадым. Осылайша, өз елімде алған білімім маған қатарластарымнан озық болуыма көмектесті», – деді Алматы республикалық физика-математика мектебінің түлегі Мади Әміржанұлы.

Новости партнеров