Алматы әкімдігінің қолдауымен биыл 90-ға жуық кітап жарық көрді

Ұлттық кітапханада Қазақстан жазушылар одағының «Тәуелсіздік әдебиеті» атты әдеби жыл қорытындысы өтті

Алматы әкімдігінің қолдауымен биыл 90-ға жуық кітап жарық көрді Almaty.tv

Ұлттық кітапханада Қазақстан жазушылар одағының «Тәуелсіздік әдебиеті» атты әдеби жыл қорытындысы өтті. 2020 жылдан бергі атқарылған шаралар жөнінде есеп берілді. Баяндамашылар өз баяндамаларында шығармалардың жақсы мен жаманына, жетістігіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Аталмыш жиында қазақ әдебиетінің өркендеуіне қала әкімдігінің тигізген үлесі де сөз етілді. Мәселен, Алматы әкімдігінің қолдауымен әдебиеттің алтын қорына биылғы жылдың өзінде 90-ға жуық кітап жарық көрген.  

«Алматы қаласы әкімінің әдебиетке жасап отырған қамқорлығын басқа облыстарға үлгі етіп ұсынып жүргеніміз, насихаттап таратып жүргеніміз жөнінде де айттық. Мысалы, Алматы қаласының әкімі екінші, үшінші жылы қатарынан осы қалада тұраын 400 жазушыға 500 мың теңгенің көлемінде қаржылай грант бөліп отыр. Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мерекесінің қарсаңында тағы да беріледі», – деді Қазақстан жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша әдебиет жанрларына ұсынылған шығармалардың үздік авторларына «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Аталмыш сыйлықты Сабыр Адай, Дидар Амантай, Зейнеп Ахметова сынды ақын-жазушылар иеленді.  

«Бұл халықаралық «Алаш» сыйлығы маған прозадан «Борхестің кітабы» атты шығырамаларым үшін, кітабым үшін беріліп отыр. Жазушылар одағының, әріптестерімнің менің өнерімді, прозамды бағалаған кәсіби сыйлығы деп білемін. Еңбегіміз бағаланып жатса, бұл қашанда жақсы», – деді жазушы Дидар Амантай.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир