Тәуелсіздікке 30 жыл: «Қазақстанның тұмса табиғаты» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

700-ден астам фотограф қатысып, 1515 сурет ұсынылған

Тәуелсіздікке 30 жыл: «Қазақстанның тұмса табиғаты» фотобайқауының жеңімпаздары анықталды almaty.tv

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақстанның тұмса табиғаты» атты фотобайқауының жеңімпаздары анықталды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған шараға 700-ден астам фотограф қатысып, 1515 сурет ұсынылған. 3 кезеңнен тұрған бағалаудан кейін қазылар алқасы 4 номинация бойынша жеңімпаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Фотогрофтардың еңбегі арқылы, фото тілі арқылы Қазақстанның экономикалық проблемаларын әрбір азаматтың анықтауына және оны БАҚ арқылы, әлеуметтік желі арқылы сол мәселелерлің оң шешілуіне атсалысу», – деді «National geographic Kazakhstan» журналының бас редакторы Еркін Жақыпов.

«Өзім түсіріп жүрген фото туындыларымды реттеп, мына Хантәңірі атты туындымды таңдап, осы жүлдеге салдым. Салғаннан кейін бас жүлдені жеңіп алды. Бұдан басқа 5 туындым жарысқа қатысты. Соның ішінен біреуі ілінді. Бас жүлдені жеңіп алғаныма өзім қуаныштымын», – деді байқау жеңімпазы Ернұр Манапханұлы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир