Биыл күзде Алматыда 222 мыңнан астам ағаш отырғызылады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
1 млн. ағаш отырғызу бағдарламасы жалғасуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Akimat LIVE" бағдарламасының тікелей эфирінде Алматыны көгалдандырудың 2020-2030 жылдарға арналған стратегиясы әзірленгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматыны көгалдандырудың 2020-2030 жылдарға арналған стратегиясы әзірленді. 1 млн. ағаш отырғызу бағдарламасы жалғасуда. Биыл күзде 222 мыңнан астам ағаш отырғызу бағдарламасы дайындалды», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жүргізілген заттай зерттеу және қала аумағын талдау нәтижелері бойынша көгалдандыру объектілері анықталғанын айтты.

– көшелер мен жол айрықтарында - 34 мың ағаш (қаланың 12 көшесінің бойында, оның ішінде Алатау ауданындағы 6 көшеде, Наурызбай ауданындағы 3 көшеде, Жетісу ауданындағы 2 көшеде және Бостандық ауданындағы 1 көшеде)

– қаланың солтүстік бөлігіндегі өзен жайылмаларында (лога) – 219 мың ағаш (Алматы өзенінің бөктерінде Алатау ауданында 85 мың ағаш және Қарасу, Алматы өзендерінің бөктерінде Түрксіб ауданында 112 мың ағаш, сондай-ақ, қарағай орманы аумағында 18 мың ағаш, қайың тоғайы аумағында 3,5 мың ағаш) – санитарлық- қорғау аймақтарында (арнайы мақсаттағы көгалдандыру) - 77 мың ағаш (Бурундай орманынан санитарлық-қорғау аумағында 68,6 мың ағаш) Алатау ауданындағы санитарлық-қорғау аумағында 8,4 мың).

Новости партнеров