Наурызбай ауданының мыңдаған тұрғыны орталықтандырылған су жүйесіне қол жеткізе алады

almaty.tv
almaty.tv
Таусамалы шағын ауданында 33,9 км су құбыры, 9,6 км су бұру желілерін салу жоспарланған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы онлайн-презентация кезінде Наурызбай ауданының қалаға қосылған шағын аудандары тұрғындарының ең басты мәселелерінің бірі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде 156,1 мың адам тұратын Наурызбай ауданы орталықтандырылған қалалық сумен жабдықтау жүйесімен 51,6% (80,6 мың тұрғын) қамтылған. Аудан халқының тағы 24,1% (37,6 мың тұрғын) суды жеке скважиналар мен желілерден алады. Тасымалданатын сумен 37,9 мың тұрғын (24,3%) қамтылған.

2020 жылдан бастап Құрамыс, Таужолы, Ақжар, Қарғалы, Жайлау, Шұғыла, Тастыбұлақ және Таусамалы сынды 8 шағын ауданда  сумен жабдықтаудың және судан бұрудың жаңа желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қарғалы өзенінде сүзгі станциясы салынуда. 5 шағын ауданда коммуникация тартылды, жол жамылғысы қалпына келтірілуде, тұрғындар өз үйлерінен магистральды кәріз желілеріне қосуды жүргізбеуі салдарынан жұмыс кешеуілдеп жатыр.

Өткен жылы Тастыбұлақ, Қарғалы, Жайлау шағын аудандарында 54 км су құбыры және 30,5 км судан бұру желілері салынды. Жаңа желілерге 13 мың адам қосылды. Батыс кәріз коллекторының 33 км құрылысының ТЭН және ЖСҚ жасалды.

Ағымдағы жылы 5 шағын ауданда - Шұғыла, Ақжар, Құрамыс, Таусамалы, Таужолында 66,5 км су құбыры мен 45,3 км су бұр желілерін салу жоспарланған. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқтау 2021 жылдың желтоқсанына жоспарланған. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында сумен жабдықтайтын 48,9 км (73%) құбыр және 30,5 км кәріз желілері (67%) салынды.

Атап айтқанда, Ақжар шағын ауданында 21 мың адам тұрады және мұнда 5,5 мың үй бар, өткен жылы 8,5 км су құбыры, 6,7 км су бұру желілері салынды. Биылғы жылы 10,5 км сумен жабдықтау және 9 км су бұру желілері салынады деп жоспарлануда.

Шағын ауданда құбыр тарту қарқыны қиынға соғуда. Өйткені, көшелер тар әрі тастар үлкен. Жұмыс қарқынын ескере отырып, Дәулеткерей мен Бекішев атындағы екі магистральді көшеге құбыр тарту келер жылы аяқталатын болады.

Құрамыс шағын ауданында 14,5 мың адам тұрады, мұнда 3,8 мың үй бар. 7,5 км су құбыры мен 5,5 км су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы 2,8 км су құбыры, 2,1 км су бұру желілері салынады деп жоспарланып жатыр.

Өткен Шұғыла шағын ауданында 4 км су құбыры  мен  1 км су бұру желісінің құрылысы аяқталды. Ағымдағы жылы 9,1 км су құбыры, 6,5 км су бұру желілері салынады деп жоспарлануда. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары 2022 жылдың соңына дейін аяқталады. Жаңа желілердің ұзындығы 20,6 км құрайды, оны Шұғыла шағын ауданының 22 мың тұрғыны пайдалана алады, мұнда 750 үй бар.

Өткен жылы Тастыбұлақ шағын ауданының төмен бөлігіндегі, Жандосов көшесінің солтүстігіне қарай 32,6 км сумен жабдықтау және 10,4 км су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Жаңа желілермен 4,5 мың тұрғын қамтылған,мұнда 1730 үй бар. Тастыбұлақ шағын ауданының оғары бөлігінде 19,4 км су құбыры, 8 км су бұру желілерінің құрылысы аяқталды. Мұнда 6,6 мың адам тұрады және 890 үй бар. Сумен жабдықтау желілерін пайдалануға беру «Ақсай» және «Қарғалы» су жинайтын нысандардың құрылыстары іске қосылған соң  мүмкін болады.

Таусамалы шағын ауданында 33,9 км су құбыры, 9,6 км су бұру желілерін салу жоспарланған. 3,2 мың үй бар шағын ауданның 12,2 мың тұрғыны желілерге қолжеткізетін болады.

Таужолы шағын ауданында 3 мың адам тұрады, 4 мың үй бар. Мұнда 10 км су құбыры және 3,5 км су бұру желілері  салынды. Биылғы жылы 5,3 км желі салу жоспарланған, оның ішінде 3,9 км сумен жабдықтау, 1,4 км судан бұру.

Жайлау шағын ауданында  2,2 мың адам тұрады және 810 үй бар, 6 км судан бөлу желілері салынған. Ағымдағы жылы 1,8 км судан бөлу желісінің құрылысы жоспарланған.

Жалпы, Наурызбай ауданында биыл Таусамалы шағын ауданындағы 3, 2 мың үйде тұратын 12,2 мың адам жаңа су желілеріне қосылады.

Наурызбай ауданында 78,3 км сумен жабдықтау желілері (Ақжар , Құрамыс, Тастыбұлақ (төменгі), Тастыбұлақ (жоғарғы), Таужолы, Шұғыла шағын аудандары) салынады. 19,6 км судан бұру желілері  ( Ақжар, Құрамыс, Таужолы, Шұғыла шағын аудандары) салынады.

ЖСҚ-ға сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жұмыстары 2022-2023 жылдары жалғасады.

Ағымдағы жылы Таусамалы шағын ауданындағы 12,2 мың тұрғын (3200 үй) (100%) сумен жабдықтаудың жаңа  желілеріне қосылады.

Новости партнеров