|
05.05.2021 | 19:38
4190

Алматыда биыл көктемде 50 мыңнан астам көшет отырғызылды

Ағаш отырғызу барлық санитарлық нормалар мен маска режиміне сәйкес жүзеге асырылуда

Алматыда биыл көктемде 50 мыңнан астам көшет отырғызылды kt.kz

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде көктемгі отырғызу жұмыстарының қорытындылары, оның барысында мегаполисте 8 мың Сиверс алма ағашының отырғызылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, Б. Сағынтаев ағаш отырғызу және суару жүйелері туралы айтты. Бүгінде 50 мыңнан астам көшет отырғызылды. Оның 17 мыңнан астамы– өтемдік отырғызу, 21 мыңға жуығы - жобалық отырғызу. Отырғызылған ағаштарды күту кепілдік міндеттемелер есебінен жүзеге асырылады.

Биыл көктемде ең көп ағаш отырғызылған жердің бірі - Көктөбе тауындағы 8 мың Сиверс алма ағашы. Мұнда барлығы 40 мың Сиверс алма ағашы отырғызылады.

Сонымен бірге, Рысқұлов даңғылындағы айырма жолақ бойымен көлік жолайрығынан Алғабас шағына ауданына дейін 650 қарағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінде 300 көшет отырғызылды, маусым соңына дейін тағы 350 түп отырғызылады.

Жетісу ауданының Көкжиек шағын ауданында 8 450 ағаш отырғызылды. Бұлар пирамидалы терек, күміс терек, сондай-ақ жеміс ағаштары – «алтын керемет», «американка», «лимонка» сынды алма ағаштары мен Никитинский өрігі.

Алматы аудандарына емен, терек, каштан, сирень, каталпа, қарағай, шырша сынды әр түрлі ағаш түрлері отырғызылды.

Бұдан өзге, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының мамандары «Жасыл аула» акциясы аясында 109 мекенжай тұрғындарына 1500 жапырақты көшет таратты. Тұрғындар отырғызу және күту ережелері жазылған брошюралар алды, сонымен қатар отырғызылған көшеттерді күтуге кепілдік берді.

Ағаш отырғызу барлық санитарлық нормалар мен маска режиміне сәйкес жүзеге асырылуда.

Бұрын хабарланғандай, 2020 жылы ағаштардың рекордтық саны - 282 мыңға жуық көшет отырғызылды (Алмалы ауданы - 2 133, Әуезов - 4 300, Алатау - 187 028, Бостандық - 9 293, Медеу - 21 331, Жетісу - 3 485, Түрксіб - 46 443, Наурызбай - 6 446). 

Ағаштардың басым бөлігі Жаңа Алматының аудандарында отырғызылды. Ағаштардың ассортименті ғылыми қоғамдастықпен, ландшафтық сарапшылармен бірге климат пен топырақ құрамына байланысты іріктелді. Мердігерлік ұйымдар оларды күтуді қамтамасыз етуде.

Бизнес – қоғамдастықтардың немесе қала тұрғындарының бастамасымен отырғызылған жасыл желекті кем дегенде екі жыл бойына олардың өздерінің күтуі міндетті шарт болып табылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир