Жаңа заң жобасы: Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Бүгін Мәжіліс депутаттары аталған мәселеге қатысты Заң жобасын мақұлдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл елімізде 836 ауыл әкімін сайлау жоспарланып отыр. Жалпы, 4 жыл ішінде 2 мың 300-ден астам әкім халықтың таңдауы арқылы елдімекенде басқаруға тағайындалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Мәжіліс депутаттары аталған мәселеге қатысты Заң жобасын мақұлдады. Сонымен қатар, құжатта Президент тапсырмасына сай Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегі 7-ден 5 пайызға дейін төмендетілген. Барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «барлығына қарсымын деген» графа қосылады. Ауыл әкімдерінің сайлауына түсетін азаматтарға қандай талап қойылатыны туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

«ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес, біліктілік талаптарына сай келген және 25 жасқа толған еліміздің кез келген азаматы сайлана алады. Сондай-ақ, саяси партия мүшелері және сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1% пайызына қол жинаған кандидаттар сайлауға түсе алады. Бұл ретте, аудан әкімінің, егер кандидаттар болмаған не біреуі ғана ұсынылған жағдайда, екі не бір кандидаты ұсынуға құқығы бар...», – деді  ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Новости партнеров