Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, арық жүйесін инвентаризациялау жұмыстары туралы айтты.
Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы арық жүйелері жауын кәріздеріне инвентаризациялау жүргізді. Арық желілерінің жалпы ұзындығы 1523 шақырым, аудандық әкімдіктердің еншісінде - 1138 шақырым, аулалар аумағында - 245 шақырым, саябақ аймақтарында - 60 шақырым, 424 шақырым жөндеуді немесе реконструкциялауды қажет етеді, 168 шақырым арық суару үшін қолданылады. Сонымен қатар, тұйыққа тірелген немесе өзара байланыспаған арықтар -1464 дана.
Сондай-ақ, 380 шақырым арық желілерін салу және реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жоба 3 бөліктен тұрады: батыс, орталық және шығыс.
Б. Сағынтаев коммуналдық қызметтердің жақсы жұмыс істегенін және соңғы нөсерлі жаңбырдың салдарынан ауыр зардаптарға жол берілмегенін атап өтті. Медеу ауданының Мұзтау шағын ауданындағы бұзылған габион құрылымы тексеріледі. Нысан 2014 жылы салынған және кейінгі жылдары бірнеше рет бұзылған.